22
декабрь
2021
"Жас Ұлан" ұйымына қабылдау
163 орта мектебінде бүгін үлкен қуанышты күн болды. Мектептің оқуда озат, үлгілі оқушылары жасұлан қатарына қабылданды. "Біз - Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз!" тақырыбында салтанатты жиын өтті. Балалар ұйымның әнұранын орындап, Ант қабылдады. Шараға қатысушы қонақтар директордың міндетін атқарушы А.Назарымбетова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары З.Шоманова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м/а А.Ибраемова, педагог-психолог Г.Файзраманова балаларға тілек білдіріп, ұйымның галстугын табыстады. Шара соңында мектеп директорының м/а А.Назарымбетова жасұландықтарды ұйым қатарына қабылдануларымен құттықтап, алдағы уақытта сенімдерді ақтап, үлгілі де білімді, нағыз Отанын сүйетін патриот азаматтар мен азаматшалар болуларына тілек білдірді.
Шараны ұйымдастырушы: тәлімгер Аида Елтаева

