19
декабрь
2023
«Бірыңғай «Жас Ұлан»мен "Жас қыран "ұйымына Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсімі
Бүгін ауданымыздың аға тәлімгері,облыс ,республика жүлдегері Елтаева Аиданың ұйымдастыруымен жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан»мен "Жас қыран "ұйымына Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсімі өтті.
Мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері — әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
Жиынға мектебіміздің озат, үлгілі шәкірті ретінде 4-сыныптар арасынан «Жас қыран» ұйымына 50 оқушы, 5- 7 сыныптар арасынан «Жас ұлан» ұйымына 64 оқушы қабылданды. Мерекелік шараны мектеп директоры Шалысбаев Мұхтар Нұртасұлы ашып, оқушыларды құттықтап өтті.Театр ұйымының жас қырандары бүгінгі шараны "Аққулар ұйықтағанда" биімен бастады.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұланбасы Асанжан Сәмит рапорт тапсырып, оқушыларды ант беру рәсіміне дайындады.
Оқушылар ант қабылдап болған соң, оларға мектеп директоры Шалысбаев Мұхтар мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Назарымбетова Айгул апай мен Жапарова Гулбану апай,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шоманова Зияда апай,Құлмырзаев Мақсат Төлегенұлы-
жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі галстук пен төсбелгі тағып,бүгінгі іс-шараны аяқтады.

