08
февраль
2024
Кеңейтілген алқа мәжілісі
2024 жылдың 2 ақпан күні №163 орта мектебінде кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
Мәжіліске АББ-нің әдіскері
М.Егембердіқызы ,АІІБ полиция капитаны Н.Абуталипов, мектеп директоры М.Шалысбаев, оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Ахметжанова,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жапарова,мектеп басшылары мен сынып жетекшілер қатысты.Мектеп директоры М.Шалысбаев жиынды ашып берді.Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша.
“Білім мен тәрбие егіз ұғым”- тақырыбында білім саласы бойынша Г. Ахметжанова үш жылдық білім сапасын,
оқушылардың ,мұғалімдерлдіңжетістіктерін атап айтты.Г.Жапарова тәрбие саласындағы атқарған жұмыстар мен Қ.Р-нің оқу -ағарту министрінің 294 бұйрығындағы “Біртұтас тәрбие беру” бағдарламасы жаңа оқу жылындағы “Ұлттық мүдде”,”Ар -ұят”, “Талап”құндылықтарын таныстырды. “Оқуға құштар”, “Театр жобасы”, “Тоғыз айға тоғыз іс шара”, “Ұшқыр ой алаңы” “Төрт тоқсанға төрт өнер” “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” жұмыстарының атқарылып жатқанына тоқталды .Есеп беру мәжілістің қорытындысы ретінде АББ-нің әдіскері М.Егембердіқызы мектеп жайлы баланың білімін,тәрбиесін мұғалімдерге сеніп тапсыру керектігі жайлы ойлар жеткізді.
№163 орта мектебінің білім саласындағы жетістіктерінің жоғары деңгейде екенін ,тәрбиелік шараларына көнілі толғандығын айтты.Мектеп ұжымының жұмыстарына сәттілік тіледі.
