"Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер" » №163 орта мектебі
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы білім бөлімінің
"№163 жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 554-3-59
Есепші бөлімі:
+7(7243) 554-3-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер"
24
январь
2024

"Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер"

    2024 жылдың 24-қаңтар күні  №163 орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы бойынша 2-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер" тақырыбында жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы өтілді.
Жаңа форматтағы   ата -аналар жиналысына мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жапарова Гүлбану апай қатысып , тәрбиелік мән-мағынаға толы жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын айта кетіп ,ата-аналарға,сынып жетекшілерге ризашылығын білдірді.Мақсаты:Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру.Балалардың мейірімді ,сыпайы әдеттерді бойларына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе  қалыптастыру.
Отбасы – Адам баласының алтын діңгегі, ыстық ұясы. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, алдымен тәрбие алады.
 Сондықтан әке мен ана   отбасының тәрбие жұмысындағы маңызды орын алатын тұғырлы тұлғалары.  Ата-ананың бар бітім-болмысы, мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, білім-білігі – баланың көз алдында күнделікті үлгі-өнеге алатын, соған қарап бой түзейтін негізгі нысанасы екені баршаға аян.
 Жоспары:
1.Сәлемдесу.Танысу "Өрмекшінің торы" әдісімен жүзеге асырылды.
2.Топқа бөлу ата-анаға берілген тілек жүрекшесінің артында көрсетілген сандармен жүзеге асырылды.
3.Ата-ананың баласымен қарым-қатынасы қаншалықты жақын екендігін білу үшін "Додекаэдр "әдісімен сұрақ-жауап алынды.
3.Жіпті бірлесе ұстап пластмасс стакандардан "Мұнара құрастыру "әдісі  Отбасының ұйымшылдығын,бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
4.."Кедергілер" тренингі арқылы
баланың
өмір жолында кездесетін үлкенді кішілі қиындықтарды сүрінбей жеңе білуіне ата-ананыңда көрсетер жолы маңызды екеніне көз жеткізді.
Керемет ,қызықты топтық жұмыстардан кейін кері байланыс парағы  үлестіріліп,ата-ана ой пікірлерін қалдырды.
Сынып жетекшілер:
2"а" -Абилкайрова Мейрамкул
2"б"-Батырбекова Мария
2"в"-Әйтбекова Таңсұлу
2"г" -Бактуразова Сауле
2"д"_Үсенова Мақсат Оразбекқызы
2"е"-Сейтмұратова Айкерім
2"ж"-Әлімбетова Алуа

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив