05
апрель
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
№163 орта мектеп кітапханасында аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары М. Кадирбергенова, Н. Сағындықованың қатысуымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ж. Арипбаева жетекшілік ететін 9"г" сынып оқушыларымен поэзия парасатын пайымдаған ақын, сазгер, жерлесіміз Жүсіп Қыдыровтың туылғанына 85 жыл толуына орай тарихи танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Жазушының өмір жолымен әдеби мұраларын насихаттай отырып,мәдениетті,парасатты, рухани ойлауы терең, ар—ожданы мол,, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу.
