24
январь
2023
“Ұлылықтың отын жаққан шырақ” атты бастауыш сыныптар апталығы
“Ұлылықтың отын жаққан шырақ” атты бастауыш сыныптар апталығы аясында сынып жетекшісі Загипа Канлыбаеваның 4 “В” сынып оқушыларымен ұйымдастырылған “Ұлт ұстазы -Ахмет” атты тәрбие сағаты халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері ,ірі ғалым , көсемсөз шебері дарынды ақын -аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналды .Осындай шаралар барысында шәкірттеріміз де өзінің талантын көрсетіп бағуда. Бірі өмір жолын айтса , бірі шығармашылығын айтып, бірі мысалдарынан өз түйгенімен бөлісті. Оқушылар үшін тәрбиелік мәні зор іс шара болды.Тәрбие сағатының соңында директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Б. Тоқтыбаев ағай оқушылардың бүгінгі өткізілген іс шарасын жоғары деңгейде өтілді деп бағалап, балаларға шығармашылық табыстар тіледі. Ал, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Назарымбетова апай да көрініс барысында балалардың сомдаған рөлдеріне ризашылықтарын білдіріп, оқушыларға алдағы уақытта да осындай шаралар жалғасын таба берсін деп қорытындылады.
