IQanat олимпиадасының іріктеу кезеңі басталды
«IQanat білім беру қоры» мектеп оқушыларының білім алуға деген ынтасын арттыру, жақсылардың жақсыларын анықтау мақсатында жыл сайын ауылдық жерлерде 9-сынып оқушылары арасында үш турдан тұратын олимпиада өткізіліп келеді. Ағымдағы жылдың қараша айында №163 мектеп базасында 9 сынып оқушылар арасында І туры өткізілді. Бірінші турына біздің мектептен 124 оқушы қатысты. Нәтижесін асыға күтудеміз.
Биылғы оқу жылында Қамқоршылар кеңесі ауыл мектептерінен 8 сынып оқушылары арасында олимпиада өткізу туралы шешім қабылдады. Мақсат - мектеп оқушыларын жоғары оқу орындарына түсуге дайындауға кететін уақытты арттыру. 8 сынып оқушылар арасынан мектептің 41 оқушысы қызығушылық танытып, қазіргі таңда қатысуға өтініш беріп, тіркеліп қойды.