28
декабрь
2021
Озат оқушы - мектебіміздің мақтанышы
22.12.2021 жыл, ауданымыз және мектебіміз үшін жеңісті күн болды! Оқушылардың зерттеу жұмыстары додаға түсетін “Зерде” республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде ағылшын тілі бағыты бойынша “Ағылшын тіліндегі омонимдер және оларды ажырату тәсілдері” тақырыбында өз жұмысын лайықты қорғағап, аудан намысын қолдан бермеген N 163 орта мектеп оқушысы Нұрділла Бақдәулет Нұржанұлы жүлделі 1 орынды иеленіп, доданың жеңіс биігінен көрінді! Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, Жаманқұлова Қасиет Серікқызының жетекшілігімен жасалған жұмыс жоғары бағаланғаны құтты болсын дейміз! Әріптесіміз Қасиет пен шәкірті Бақдәулетке еңбекте табыс тілейміз!

