03
февраль
2023
"Қарыздармын саған әке-ана" атты ашық тәрбие сағаты
№ 163 орта мектебінде Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулық хатқа сәйкес жылдық жоспар негізінде 5 "Г" сыныбында "Қарыздармын саған әке-ана" атты ашық тәрбие сағаты өтілді.Оқушылардың ата- анаға деген ерекше жылы сезімдерін қалыптастыру,ата-ананың бала өміріндегі рөлін түсіндіру,ата-ананы құрметтей,сыйлай білуге тәрбиелеу.Тәрбие сағатына ата-аналар,сынып жетекшілер және де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Назарымбетова қатысты.Ашық сабаққа оқушылар жоғары деңгейде қатысты.
Оқушылардың бірі өлең оқыса, бірі "Жетімдер" монологын жүрекке жеткізе білді.Қандай жағдай болмасын біз үнемі ата- ана алдындағы парызымызды ешқашан ұмытпау керек екендігіміз айтылды.
Сынып жетекші:М.Құрбантаева
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:А. Назарымбетова
Мектеп тәлімгері:А. Елтаева