14
февраль
2023
"Ер есімі-ел есінде"
№163 орта мектебінің 7 "В" сыныбында сынып жетекшісі:Қуантханова Ұлжалғастың ұйымдастыруымен мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Назарымбетова ханымның қатысуымен "Ер есімі-ел есінде" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлұмат беру.
Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге "ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды" деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Ашық тәрбие сағатының ұйымдастыру барысында "Қазақстан" сөзіне сөзжұмбақ құрастырылды. Қазақстан жайлы қызықты деректер оқушыларға айтылды.
Тұтқабай І. "Мен Мәншүкпін монолог сөзі" орындалды.
7 "В" сынып оқушылары "Желтоқсан оқиғасы" атты көрініс құрды.
Ұлы Отан соғысы жайлы маңызды деректер оқылды.
Қорытындылай келе, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Назарымбетова ханым оқушылардың танымдық деңгейін көтеретін үштік одақтың жұмысын жандандыратын, керемет шара болғандығын атап өтті.
Все реакции:4Moti Yrzimat, Aigul Nazarimbetova и ещё 2

