Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен Республикалық Шәкәрім мұраларын жатқа айту байқауының «Шәкәрім оқулары» атты аудандық кезеңі өткізілді.

Мақсаты: Қазақ халқының ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын насихаттау;
Шәкәрім өлеңдерін жаттауды қолға алу; жасөспірімдерді ұлы баба мұрасын терең игеріп, танымдық мәнін меңгеруге талпындыру; кітапхана оқырмандары, жаңа буынның интелектуалдық пайым-парасатын арттырып, отансүйгіштігін қалыптастыруға ықпал ету.

Сайыстың шарттары бойынща І кезең: «Талап» іріктеу кезеңі, ІІ кезең: «Білім» сұрақ-жауап кезеңі, ІІІ кезең: «Таза ақыл» кезеңдері бойынша бақ сынады.

І кезеңде қатысушыға Шәкәрімнің бір өлеңін жатқа айтып бастап, кез- келген жерінен тоқтатып, басқа талапкерден әрі қарай жалғастырып кетуін өтінеді. Осылайша кездейсоқ ретпен жалғасып, екі рет қателескен, немесе кідіріп қалған талапкер сайыстан шығарылады. І кезеңнен іріктеліп шыққан талапкерлер Шәкәрімнің өміріне және шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап береді. Бұл кезеңнен сүрінбей өткен қатысушыға ІІІ кезеңде жеребе арқылы Шәкәрімнің бір өлеңі беріліп, соған талдау жасап, өлеңнің мәнін, мағынасын түсіндіреді.

Байқауға қазылық еткен әділқазылар, байқауға қатысқан әрбір баланы мұқият тыңдап бағасын беріп, 5 оқушыны келесі кезеңдерге өткізді.

Нәтижесінде көркем мәтінде оқу шеберлігі, сахнада өнер көрсету мәдениетін озық үлгіде көрсеткен үшін мектебіміздің 5 сынып оқушысы Талғат Арафат ІІІ орынға ие болды. Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттары тапсырылды.
Пән мұғалімі Орманова Алия
