02
декабрь
2020
К.М.Симоновтың 105 мерей жасқа толуына байланысты орыс тілі бірлестігінде «Красота есть во всем...» тақырыбы аясында апталық болып өтті
Жаңақорған аудан орталығындағы іргелі білім ордасы №163 жалпы орта мектебінде 23.11.- 30.11.2020 жылы К.М.Симоновтың 105 мерей жасқа толуына байланысты орыс тілі бірлестігінде «Красота есть во всем...» тақырыбы аясында апталық болып өтті. Апталық онлайн форматта ұйымдастырылды. Атаулы іс-шараға мектептің орыс тілі мұғалімдерінің басым бөлігі атсалысты. Апталық барысында ашық сабақ, турнирлер, сайыстар, әдеби кештер өткізіліп, оқушыларда өз алған білімдерін көрсете отырып, белсенділік танытты. Өтілу түрі жағынан да мазмұнының құндылығы жағынан да ерекше ұйымдастырылған әр шараға мектеп әкімшілігі жоғары баға берді.



