14
февраль
2023
"Туым-намыс,ұраным –бірлік,рәміздерім мақтанышым"
Аудандық білім бөлімінің 03.02.2023 жылғы №121 санды хатына сәйкес, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назарымбетова Айгүл апайдың қатысуымен, 2 д сынып жетекшісі Мадиева Мөлдірдің ұйымдастыруымен, "Туым-намыс,ұраным –бірлік,рәміздерім мақтанышым" атты іс –шара өтілді. Сабақтың мақсаты:
І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Бүгінгі іс-шарада оқушыларға екі топқа «Көк аспан» тобы" Мемлекеттік Ту туралы", «Алтын дән» тобы "Мемлекеттік Елтаңба туралы" жинақтаған деректерін ортаға салып,суреттерін бояп,топпен,жұппен,жеке жұмыстар атқарып, мемлекеттік рәміздер туралы жобамызды қорғап шығып,оқушылар рәміздер жайлы тақпақтарын, ән,хор айтты.
Бүгінгі іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назарымбетова Айгүл апай:«Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі сіздерсіз деп»- деп, бүгінгі сабақты қорытындылады.
