«Отбасы - бақыт мекені» » №163 орта мектебі
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы білім бөлімінің
"№163 жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 554-3-59
Есепші бөлімі:
+7(7243) 554-3-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы - бақыт мекені»
13
февраль
2023

«Отбасы - бақыт мекені»

№163 орта мектебінде 6”Г”сыныбының сынып жетекшісі Смат Айгерімнің ұйымдастыруымен «Отбасы - бақыт мекені» атты ата-аналардың қатысуымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. 
Тәрбие сағатының мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен баланың арасындағы қатынасты тәрбиелеу, оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншілікті тудыру.
Тәрбие сағатына оқушылардың бастауыш сыныптағы алғашқы ұстазы Жұматова Асылзат апай және тағы да басқа пән мұғалімдері мен 11 ата-ана қатысты. 
Сынып сағаты барысында ата-аналар «Баламның мөлдір көздері» әдісі арқылы топқа бөлініп, «Бақытты отбасы» тақырыбында постер қорғап, ана мен баланың арасындағы бір-біріне деген ерекше сүйіспеншіліктерін одан әрі нығайту мақсатында түрлі ойындар ойнатылып, ситуациялық сұрақтар қойылды. 
Шара соңында мектебіміздің Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Назарымбетова, Оқу ісі жөніндегі орынбасары З.Шоманова ата-аналардың өте белсенді қатысқандығын және оқушылардың татулықта жұмыс жасағандығын және қатысқан ата-аналар жақсы ой-пікірлерін айтқандығын тілге тиек етті. Сынып жетекшісі Смат Айгерім «Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды» деген қанатты сөздермен тәрбие сағатын қорытындылады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив