"Тәрбие – отбасынан басталады"
"Тәрбие – отбасынан басталады" демекші, баланың отбасынан көрген-білгені оның бүкіл өміріне жолдама болып қалмақ. Әбу Насыр әл-Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,» деген екен. Тәрбиенің бастауы, қайнар көзі – отбасы. Отбасы шағын мемлекет. Осы шағын мемлекет басшысы – ата-ана. Мемлекет басшысына қарап халқы бой түзейтіні сияқты, ата-анасына қарап баласы өседі. Отбасының балаға берері де, үйретері де көп.«Әкеге қарап ұл өсер,