"Мәңгілік елдің мұраты"
9 ақпан күні,Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданындағы #163 орта мектебінің 4"А" сыныбында сынып жетекшісі А.Шыныбаеваның ұйымдастыруымен "Мәңгілік елдің мұраты" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.Сабақ барысында балалар тіл туралы,адами қасиеттер,салт - дәстүр туралы тақпақтар айтып,өлеңдер оқыды,патриоттық әндер орындады.Кешке ата-аналар,оқушылар,ұстаздар және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Назарымбетова ханым қатысты.